Алматыда екі автобус соқтығысып, 6 адам жарақат алды
Алматыда 2 ақпан күні сағат 08:30-да әл-Фараби даңғылында, Жароков көшесінің батысына қарай көлік апаты болды. Екі қоғамдық көлік соқтығысты, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі.
Фото: polisia.kz
12:10 02.02.2023
Жергілікті полиция қызметі кезекші бөлімінің мәліметінше, 31-бағыттағы Yutong қоғамдық көлігінің жүргізушісі даңғылмен батыс бағытта келе жатып, алдын ала болжам бойынша, арақашықтықты сақтамау салдарынан аялдамада тұрған 116-бағыттағы SAZ қоғамдық көлігімен соқтығысқан.
Алдын ала деректерге қарағанда, алты адам дене жарақатын алды.
Жол апатының дерегін Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері өндіріске қабылдады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!