Алматыда екі автобустың соқтығысуынан бес адам ауруханаға жеткізілді
Алматы қалалық қоғамдық денсауық сақтау басқармасы бүгін екі автобустың соқтығысуынан қанша адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілгенін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
15:43 02.02.2023
«2 ақпан күні, таңғы сағат 08:30-да әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесінің батысында екі автобустың соқтығысуымен жол апаты болды. Нәтижесінде 5 адам зардап шекті. 3 адам бас жарақаты, желке аймағының жұмсақ тіндерінің жарақаты диагнозымен Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына, 2 адам Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Екі науқас тексеруден соң амбулаторлық бақылауға жіберілді», - деп хабарлады ведомствода.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!