{metadescription}
Жүк салғыштан «адам аяғы» салбырап тұр: Көлік жүргізушісі ұсталды

Жүк салғыштан «адам аяғы» салбырап тұр: Көлік жүргізушісі ұсталды

Петропавлда аяқ киімі бар адам аяғының муляжын көлігінің жүк салғышынан салбыратып, көшеде жүрген жас жігіт табылып, оған айыппұл салынды.

2 ақпан күні Петропавл қаласының әлеуметтік желілердегі пабликтерінде видео тарады. Онда автокөліктің жүк салғыш бөлігінен аяқ киімі бар адамның екі аяғы шығып тұрған.

«Тәртіп сақшылары ВАЗ-2112 автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісін ұстады.
Қала тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 5-бөлігі («Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу») бойынша хаттама толтырылды. 
Сондай-ақ жас жігітпен профилактикалық әңгіме жүргізілді», - делінген полиция мәліметінде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде