{metadescription}
Үкіметте бірқатар өңірлердегі су тасқыны жағдайы талқыланды

Үкіметте бірқатар өңірлердегі су тасқыны жағдайы талқыланды

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен арнайы үкіметтік комиссияның отырысында Алматы, Жамбыл, Атырау, Қызылорда және Түркістан облыстарының су тасқыны кезеңінен өтуге дайындығы қаралды. Үкіметтік комиссия Премьер-Министрдің өкімімен құрылған болатын.

Бұл туралы Үкіметтің сайты хабарлайды.

Талқылауға өңірлер әкімдіктерінің, Төтенше жағдайлар, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Экология және табиғи ресурстар, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің өкілдері қатысты.

Кеңес қорытындысы бойынша өңірлердің әкімдеріне барлық қажетті қызметтер мен ұйымдарды жұмылдырып, су тасқыны кезеңінен тиімді өту үшін арнайы техника мен материалдар дайындау, сондай-ақ апаттық қызметтердің іс-қимылдарын тиісті үйлестіруді ұйымдастыру тапсырылды.

Сонымен қатар Экология және табиғи ресурстар министрлігі Сырдария және Іле өзендерінің арналарында тасқын суларды қауіпсіз өткізуді үйлестірумен айналысады, су қоймаларын, оның ішінде Көксарай, Күрті, Бартоғай, Бестөбе, Қызылағаш, Алматы, Ащыбұлақ, Ақешкі мен басқа да су қоймаларын толтырудың рұқсат етілген көлемін белгілейді және оларға тиісті бақылау жүргізеді.

Сондай-ақ Сырдария өзенінде мұздықтардың іркілуін азайту үшін жарылыс жұмыстары жүргізілетін болады, ал шекаралас мемлекеттермен трансшекаралық өзендердегі су шығыны туралы тұрақты өзара ақпарат алмасу ұйымдастырылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.