{metadescription}
Газ желісін өз бетінше қосып алған түркістандықтың үйінде жарылыс болды

Газ желісін өз бетінше қосып алған түркістандықтың үйінде жарылыс болды

Түркістан қаласының «Яссы» шағын ауданындағы жекеменшік үйде жарылыс болып, бір отбасының 4 мүшесі күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаға газдың шығуы себеп болуы мүмкін. Нақты қай газ түрі екені анықталу үстінде. Үйден редукторы істемейтін 25 литрлік газ баллоны да табылған. ТЖД мен газ саласының мамандары сараптама жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Айта кетсек, 2022 жылдың 23 қарашасында берілген техникалық шарт негізінде жекеменшік мердігер мекеме «Газмонтаж Нур» ЖШС тарапынан құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілген. Алайда, газ желісін қостыруға төлем жасамауына байланысты тұтынушыға желі қосылмаған. Тұтынушының желіні өз бетінше қосқаны анықталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

14 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде