Жамбыл облысында аса ірі көлемде гашиш тәркіленді
Өңірлік полиция департаментіне қарасты есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шу ауданы Бірлік ауылының 54 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
21:39 29.03.2023
Күдіктінің үйін тінту кезінде жазғы ас үйден қара-жасыл түсті ұнтақ заты бар 2 полиэтилен пакет табылып, тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 4 келі 65 грамм болатын гашиш екені анықталды.
«Күдікті өз кінәсін толығымен мойындап, Шу қаласының изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 296- бабының 4-бөлігімен (есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Азаматтың қылмысы дәлелденген жағдайда оған 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза берілуі мүмкін», - дейді есірткі қылмысына қарсы күрес іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.
Айта кетейік, бұған дейін ҚазАқпарат Тараздағы клубтарды өздерінің «күзет қызметін» пайдалануға мәжбүрлеген қылмыстық топ ұсталды деп хабарлаған болатын.
Сондай-ақ, Таразда вокзал маңынан қару-жарақ жасырылған орын табылғанын жазған болатынбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!