{metadescription}
Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК 30 наурызда Қазақстан қалаларында қалыптасатын ауа сапасына болжамын жариялады.

Бейсенбі күні қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Өскемен, Семей, Риддер және Атырау қалаларында күтіледі. Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.