Астанадағы ойын-сауық орталығында эскалатордағы ақаудан 3 адам зардап шекті
Астанадағы «Сарыарқа» сауда, ойын-сауық орталығында эскалатор кенеттен қатты жүріп кетіп, салдарынан екі ересек және бір бала зардап шекті.
Фото: ашық дереккөзден
10:06 01.04.2023
Болған оқиғаны Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.
«Есіл ауданы, Тұран даңғылы, 24 мекенжайындағы «Сарыарқа» СОО-да алдын ала мәлімет бойынша, эскалатор 3-қабаттан 2-қабатқа кенет қатты түскен. Ол уақытта эскалаторда 20-ға жуық адам болған.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, төменге қатты түсуден екі ересек және бір бала аздаған дене жарақатын алды», - деді Р.Иманқұлов.
Ресми өкілдің айтуынша, оқиға 31 наурыз күні сағат 23.52-де болған.
Зардап шеккен адамдар медицина мамандары қарағаннан кейін үйлеріне жіберілді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!