Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Құтқарушылар саябағында Асқар Забикулинге естелік тақтайша орнатылды
Елордадағы Құтқарушылар саябағында 2022 жылы қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулинге арналған естелік тақта орнатылды.
Фото: gov.kz
16:24 12.04.2023
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлайды.
2022 жылғы 16 қарашада 10 сағат 43 минутта «101» тетігіне Астана қаласындағы «Қаһарман» тұрғын үй кешеніндегі (Б. Момышұлы даңғылы, 14) өрт туралы хабарлама түседі. Ашық жалынмен 11-қабаттағы 50 шаршы метр болатын пәтер жанып жатқаны анықталды.
Қою түтін пайда болып, пәтерлерде және саты алаңдарында болған адамдар өз беттерінше сыртқа шыға алмаған.
Бірінші кезекте отпен күресушілер шешуші бағыт ретінде адамдарды құтқаруды таңдады. Сөйтіп, А. Забикулин 12-қабатта орналасқан терезеден құтқару арқаны көмегімен жанып жатқан пәтерге (11-қабатқа) түсті.
Екі адамды әріптестері бұзып үлгерген кіреберіс есік арқылы алып шықты. Содан кейін көрші пәтерге жүгіріп кіріп, қалың түтін арасынан 10 жастағы баланы құтқарды.
Асқар Забикулин денесінің 80%-ға жуық термиялық күйігімен №1 көп бейінді қалалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірі үшін бірнеше күн күресті, бірақ ол 20 қарашада ауруханада көз жұмды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram