Алматы облысында көлік апатынан екі адам оқиға орнында жан тапсырды
Алматы облысында көлік апатынан екі адам оқиға орнында мерт болып, тағы 4 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
14:31 25.04.2023
Оқиға 23 сәуір күні сағат 20:40 шамасында болған. «Mazda» көлігінің 47 жастағы жүргізушісі «Жәпек батыр-Комсомол» автожолының 1,6 шақырымында қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан 1991 жылғы ер азамат тізгіндеп келе жатқан «Opel» көлігіне соғылған.
Оқиға орнында «Mazda» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы мерт болды.
«Opel» көлігінің жүргізушісі және 3 жолаушысы түрлі дене жарақатымен Іле ауданының ауруханасына жеткізілді. «Аталған факті Еңбекшіқазақ ауданының полициясында тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалған. Тергеу ҚР ҚК 345 бабы 4 бөлігі бойынша жүргізілуде», - делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!