{metadescription}
Көкшетауда ескі зират аумағында пакетке салынған адам сүйектері табылды

Көкшетауда ескі зират аумағында пакетке салынған адам сүйектері табылды

Көкшетауда ескі зират аумағында пакетке салынған адамның сүйектері табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, сәуірдің 24-де Көкшетау қалалық полиция басқармасына облыс орталығының тұрғыны хабарласып, «Бармашино» шағын ауданындағы аллея маңында, ескі зират аумағында адамның сүйектері және бас сүйегінің сынықтары салынған пакет табылғанын айтты. Тұрғындар пакетті зират аумағын тазарту кезінде көрген.

«Шақырту орнына жедел-тергеу тобы барды. Тексеру кезінде сүйек қалдықтары табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, соның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады», - деді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына ведомствоның баспасөз қызметінен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде