Жетісуда ауыл тұрғынынан заңсыз ауланған 100 келі балық тәркіленді
63 жастағы ер адам Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылының маңында профилактикалық іс-шара барысында ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқПарат.
12:09 28.05.2023
Оның көлігінен балықтың әртүрлі түрлері мен пайдалануға тыйым салынған дараталшық торлары табылды.
- Тәркіленген балықтың жалпы салмағы шамамен 100 келі. Балық сату үшін қабылдау пунктіне өткізілді, одан әрі жиналған қаражат мемлекет кірісіне тапсырылады. Келген шығын 400 мың теңгеге жуық, - дейді табиғат қорғау полициясының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.
Қылмыстық кодекстің 335-бабына сәйкес тергеу амалдары жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!