{metadescription}
«Қазақфильм» киностудиясында өрт болды

«Қазақфильм» киностудиясында өрт болды

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы ғимаратында өрт болды, деп хабарлайды ҚазАқПарат.

«28 мамыр күні сағат 12.22-де Бостандық ауданы, әл-Фараби даңғылы, 176 мекенжайындағы «Қазақфильм» АҚ-да декорациялар дайындайтын ағаш цехінде жұмыс үстелдері, құрал-саймандар мен терезе жақтаулары жанып кетті. От шарпыған аумақ - шамамен 10 шаршы метр. Жалынның таралуы 12.40-та оқшауландырылып, 12.42-де толығымен ауыздықталды.

Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - делінген ТЖД ақпаратында.

Мәлім етілгендей, өрттің таралу қаупі болған жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.