Энергетика министрлігі электр қуатының шекті тарифтерін жаңартты
Энергетика министрінің «Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізілді. Өзгеріс ертеңнен бастап күшіне енеді.
16:13 31.05.2023
Бұйрық жобасына берілген қосымшада 47 топ үшін электр энергиясының шекті тарифі 2025 жылға дейін қалай өзгеретіні көрсетілген.
Ведомство түсіндірмесіне сай, электр энергиясының қымбаттауы алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындықпен байланысты.
«Орташа алғанда отынның құрамдас бөлігі 17% деңгейіне дейін қамбаттауы болжанады. Богатырь-Көмір өндіру орнындағы көмір құнының өсуі күтіледі:
- 2023 жылғы 1 қаңтардан 30 маусымға дейін 7%-ға (2 774 теңгеден 2 968 теңгеге дейін);
- 2023 жылғы 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін 5%-ға (2 968 теңгеден 3 092 теңгеге дейін).
Жалпы, 2023 жыл ішінде тасымалдаумен бірге, көмірдің құны орта есеппен 25%-ға артады», - деп жазылған құжатта.
Бұған қоса, электр энергиясын өндіретін ұйымдар үшін тауарлық газдың құны орта есеппен 10%-ға қымбаттайды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!