Қор нарығында доллар тағы қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
17:21 31.05.2023
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,01 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 448, 13 теңге.
Ұлттық банктің 31 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 447, 08 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,53 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 446 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 449 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 443 теңге, сатып алу құны– 448 теңге.
Ресей рублі 5, 45 - 5, 55теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!