Алдағы үш күн оңтүстікте 46 градус аптап, ал солтүстікте ыстықтың беті қайтады
Қазгидромет синоптиктері 6-8 маусым аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
13:19 05.06.2023
Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы болады. Өткінші жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды.
6 маусым - батыста, 7-8 маусым - солтүстік-батыста, 8 маусым - солтүстікте қатты жаңбыр және бұршақ жауады.
Еліміздің оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады.
6-7 маусым күндізгі уақытта солтүстікте, 6 маусым орталық пен шығыста +41°С дейін, 8 маусымда оңтүстік-шығыста +41°С дейін, еліміздің оңтүстігінде +46°С дейін өте қатты ыстық сақталады.
8 маусымда солтүстік-батыс пен солтүстікте ыстық 22 + 30°С дейін төмендейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!