Атыраудың бірнеше шағынауданында 5 күн ыстық су болмайды
Бүгін Атырау қаласының бірнеше шағынауданында ыстық су беру 5 күнге тоқтатылды.
15:57 05.06.2023
Атырау облысының энергетикалық кешені баспасөз қызметінің мәліметінше, ыстық су беру бүгін, 5 маусымда тоқтатылды. Бұл үзіліс 9 маусымға дейін жалғасады.
««Атырау жылу жүйелері» АҚ 2023 жылғы 5-9 маусым аралығында күрделі жөндеудің жоспарлы кестесіне сәйкес жылу пункттерінің жабдықтарын тексеру жұмыстарын жүргізеді. Осыған байланысты кейбір мекен-жайлар бойынша ыстық су беру уақытша тоқтатылады», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, Атырау қаласындағы үш жылу беру пунктінде тексеру жүргізіледі. Сол себептен, мұнайлы шаһардағы СМП-136 шағын ауданындағы 9, Вокзал маңы-5 шағын ауданында 29, М.Баймұханов көшесінде 18, Берғалиев көшесінде орналасқан 5, Огородная көшесіндегі 16 тұрғын үйлерге ыстық су берілмейді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!