Қор нарығында доллар қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
17:08 05.06.2023
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар 0,55 теңгеге қымбаттап, 1 АҚШ долларының орташа бағамы 448, 71 теңге болды.
Ұлттық банктің 5 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 447, 90 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,54 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 446,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 450 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 447,4 теңге, сатып алу құны– 448,4 теңге. Ресей рублі 5,43 - 5, 55 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!