Алматы мен Ашхабад арасындағы әуе рейстері қайта іске қосылды
«Түрікменстан» әуе компаниясы Алматы мен Ашхабад арасындағы рейстерді қайта бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: © Pixabay/JFK_Photography
11:20 06.06.2023
Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде Азаматтық авиация комитеті түрікмен тарапымен бірлесіп, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы әуе қатынасын қалпына келтірді.
Осылайша 2023 жылдың 2 маусымынан бастап «Түрікменстан» әуе компаниясы екі ел арасындағы тұрақты жолаушы рейстерін қайта бастады.
Тасымал «Боинг – 737» әуе кемесімен жұма күндері аптасына 1 рейс жиілігімен Алматы-Ашхабад бағытында жасалады.
«Әуе қатынасын қалпына келтіру елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді» дейді комитеттің баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!