{metadescription}
Жетісу облысында жоғалып кеткен 15 жасар қыз табылмай жатыр

Жетісу облысында жоғалып кеткен 15 жасар қыз табылмай жатыр

Жетісу облысының полиция қызметкерлері Панфилов ауданы Әулиеағаш ауылынан хабар-ошарсыз кеткен 15 жасар Ербосын Айзере Қанатбайқызын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ІІМ мәліметінше, 4 маусымда кәмелетке толмаған қыз бала үйден белгісіз бағытта кетіп, әлі оралмаған. Мектеп оқушысы қара жемпір, қара джинсы және ақ кроссовка киген.

Жасөспірімнің белгілері: орташа денелі, көзінің түсі қоңыр, шашы қара, ұзын, иықтан төмен.

«Кәмелетке толмаған қыз баланың жүрген жері, қайда екендігі немесе қызға қатысты басқа да мәліметтер туралы білетіндердің барлығын облыс полициясына +7 705 519 1021707 786 4630771 492 1007 немесе 102 телефондары арқылы хабарлауларыңызды сұраймыз», - деп жазды ведомстводан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.