Алдағы 6 жылда елімізде 25 су қоймасы салынады
2029 жылға дейін Қазақстан бойынша 25 жаңа су қоймасын салынады.
09:36 07.06.2023
Бұл туралы Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдама-жобасында көрсетілген.
«2023-2029 жылдар аралығында мемлекеттік меншік декларациясын әзірлеуді ескере отырып, 77 су шаруашылығы объектілеріне көп факторлы тексеру жүргізіледі. Сонымен қатар, 3,5 мың шақырым суару каналдары жөндеуден өтеді. 25 жаңа су қоймасын салынады, жұмыс істеп тұрған 16 қойма қайта жаңғыртылады», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған 6 жылдық тұжырымдамада.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, келер жылы каналдар арқылы берілетін судың тарифтері де қайта қаралады.
«Ғылыми негізділік, экономикалық орындылық және Қазақстан астанасын сумен қамтамасыз ету бойынша қолайлы жобаны таңдау тұрғысынан зерттеулер жүргізу қажет. Ол жұмыстар 2025 жылы қолға алынады. Нәтижесінде Астана су қоймасы жөндеуден өтеді, ондағы шөгінділер тазартылады», - деп жұмыс жоспары баяндалған тұжырымдамада.Құжат 20 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!