Бүгін Мемлекет басшысының жұмыс кестесінде 3 маңызды кездесу жоспарланған
Ақорданың ресми сайты бүгін Мемлекет басшысының жұмыс кестесінде бірқатар кездесу жоспарланғанын мәлімдеді.
Фото: akorda.kz
09:43 07.06.2023
▪️ Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысу үшін арнайы келген ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесу өткізеді. Кездесуде ЕҚЫҰ мен Қазақстанның серіктестігін нығайту перспективалары талқыланады.
▪️ Мемлекет басшысы ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азулені қабылдайды. Кездесу барысында білім, ғылым, мәдениет салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылады. Былтыр Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына 30 жыл толды.
▪️ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни бастаған делегациямен кездеседі. Тараптар сауда-экономика, инвестиция салаларындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейту мәселелерін талқылайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!