Ұлттық қауіпсіздік комитеті екі айда 40-тан аса қару-жарақ тәркіледі
Сәуір және мамыр айларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірге қарудың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша бірқатар жедел іздестіру шараларын жүргізді. Табылған қару-жарақтың ішінде Қаңтар кезінде ұрланғандары да бар.
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
11:50 07.06.2023
Нәтижесінде 42 қару («МР-40» автоматы, «Драгунов» снайперлік винтовкасы, 22 мылтық, 18 тапанша), 8 граната, РПГ-ның 2 снаряды, 4051 түрлі калибрлі оқ-дәрі, сонымен қатар броньды қорғаныс кеудешелер, автоматтардың оқжатары, радиостанциялар және пышақтар тәркіленді.
Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Заңсыз айналымда жүрген қару-жарақты іздестіру мен тәркілеу іс-шаралары жалғасуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!