Серік Күдебаев сот үкіміне шағым түсірді
Қаңтар оқиғасы бойынша 10 жылға сотталған Алматы облыстық полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев сот үкіміне шағымданды.
Фото: gov.kz
12:19 07.06.2023
«Серік Күдебаевтың апелляциялық шағымы 29 маусым күні сағат 15:00-де қаралады», - деді Жетісу облыстық соты баспасөз қызметінің өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров.
Естеріңізге сала кетейік, Серік Күдебаев 28 сәуір күні 10 жылға сотталған болатын. Оған лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану және азаптау баптары бойынша айып тағылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!