Руслан Жақсылықов Қазақстан әскері ҰҚШҰ аясында Ресей мен Украина шекарасына бармайтынын мәлім етті
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстан Қарулы күштері Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің аумағына бармайтынын айтты.
14:16 07.06.2023
Бүгін Мәжілісте тілшілер министрге әлеуметтік желілерде тарап жатқан қауесетке қатысты сұрақ қойды.
«Қазақстан сарбаздарын ҰҚШҰ аясында Украина мен Ресей шекарасына жіберілуі мүмкін деген ақпарат тарап жатыр. Бұл қаншалықты шындыққа жанасады?», - деп сұрады журналистер.
«Қорғаныс министрі ретінде Қазақстан Республикасының Қарулы күштері еліміздің аумағында тұрғанынан толық сеніммен жариялаймын. Біз бітімгершілік миссияларын тек Біріккен Ұлттар Ұйымы бағытында ғана іске асырамыз. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы елдері аумағына әскер жібермейміз және мұндай жоспар жоқ. Біз ешқайда бармаймыз», - деді Р. Жақсылықов.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!