{metadescription}
Ақтөбе қаласында екі жігіт суға батып кетті

Ақтөбе қаласында екі жігіт суға батып кетті

Ақтөбе қаласында 2003 және 2004 жылы туған екі жігіт суға батып кетті. Екеуінің де денесін сүңгуірлер 3 метр тереңдіктен алып шықты.

Оқиға 6 маусым күні сағат 19:20-да болды.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы ауданы Ақжар-1 ауылындағы көпір қасында 2 адам суға кетіп қалғаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына құтқарушылар жіберілді.

«19 және 20 жастағы азаматтардың денесін сүңгуірлер 3 метр тереңдіктен шығарды. Алдын ала ақпарат бойынша олар рұқсат етілмеген жерге суға шомылған», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.