Президент Shell компаниясының басшысымен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Shell компаниясының басшысы Уаэль Сауанмен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.
Фото: akorda.kz
16:45 07.06.2023
Мемлекет басшысы Shell концернінің бас атқарушы директоры Уаэль Сауанмен кездесу өткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа трансұлттық компанияның энергетика және мұнай химиясы салаларында жүзеге асырып жатқан жобалары туралы мәлімет берілді. Кездесу барысында Қазақстан мен компанияның мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының перспективалары талқыланды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!