Аружан Сағындықова Таиландтағы турнирдің ширек финалына өтті
Қазақстандық Аружан Сағындықова Таиландта өтіп жатқан ITF World Tennis Tour W15 турнирінің ширек финалына өтті.
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
15:42 08.06.2023
Дүниежүзілік рейтингте 1162-орында тұрған 18 жастағы қазақстандық теннисші екі кездесуін сәтті өткізді. Аружан алдымен рейтингте 1075-сатыдағы Гонконг өкілі Мэн Инг Мэгги Нгті 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктірді.
Екінші айналымда таиландтық Камонван Йодпетчті 0:6, 6:4, 6:4 есебімен ұтты.
Аружан Сағындықованың ширек финалдағы қарсыласы кейін анықталады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!