Президент Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті
Мемлекет басшысы Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.
Фото: akorda.kz
16:58 08.06.2023
Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесу өткізді.
Кездесу барысында елімізде энергетика, көлік-транзиттік тасымал, «жасыл» экономика, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік салаларындағы бірқатар инвестициялық жобаны іске асыру перспективалары талқыланды.
Кездесуде олар Еуропа қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы қызметінің перспективалары мен алдағы ынтымақтастықтың басым бағыттары жөнінде пікір алмасты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!