Қазақстан өңірлік нарықты цифрландыруда аймақтағы көшбасшы болуға дайын
Бұл туралы Шетелдік инвесторлар кеңесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Фото: akorda.kz
18:16 08.06.2023
«Қазақстан өңірлік нарықты цифрландыруда аймақтағы көшбасшы болуға дайын. Және де бұл бізге қаржы секторын одан ары цифрландырып, цифрлық теңгені енгізу қажеттігін білдіреді», - деді Президент.
Мемлекет басшысы бұл ретте адами капитал шешуші рөл атқаратынын баса айтты.
«Бірақ цифрлық трансформацияға кедергі келтіретін де осы – адами фактор. Цифрлық үдерістерді басқару үшін цифрлық сауаттылыққа және білімге баса мән беруіміз қажет екенін түсінуге тиіспіз. Түпкі мақсат – цифрлық өсімге бағдарланған креативті қоғам қалыптастыру. Біздің адамдар жаңа идеяларды қабылдауға, жаңаша ойлау мен жаңа нәрсе ойлап табуға бейімделуі керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Президент 2025 жылға қарай елімізде 1 мың біліктілігі жоғары ІТ маман дайындау қажеттігін атап өтті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!