Бүгін Президент Босния мен Герцеговина Президиумы Төрағасымен кездеседі
Ақорда бүгін Мемлекет басшысының жұмыс кестесінде бірқатар кездесу жоспарланғанын мәлімдеді.
Фото: ашық дереккөзден
09:29 09.06.2023
Президент Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасы Желька Цвияновичпен кездесу өткізеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчаны, ЭСКАТО-ның атқарушы директоры Армида Алисджабананы және БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі – БҰҰДБ әкімшісінің орынбасары Ивана Живковичті қабылдайды.
Сонымен қатар Президент:
– Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі еуропалық комиссар Януш Войчеховскиймен;
– Total Energies директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Патрик Пуяннемен;
– Sun Seven IG басқарма төрағасы У Чжэнмен;
– ДСҰ Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен бірқатар кездесу өткізеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!