{metadescription}
Павлодар облысында макулатура тиеген жүк көлігі өртеніп кетті

Павлодар облысында макулатура тиеген жүк көлігі өртеніп кетті

Павлодар облысында макулатура тиеген жүк көлігі өртенді. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқыс оқиға Павлодар ауданы маңында болған.

«Осы жағдай туралы сағат 20:12-де хабарлама келіп түсті. Онда Павлодар ауданының маңында Жертұмсық ауылынан 28 шақырым жерде жүк көлігінің жанып кеткені айтылды. Көлікке қағаз қалдықтары тиелгені белгілі болды», - делінген хабарламада.

Құрбандар мен қаза тапқандар жоқ. Жүргізушіге медициналық көмекті қажет болмады.

Оқиға орнына ТЖ департаментінен 4 қызметкер мен бір техника жұмылдырылды.

Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.