{metadescription}
Алматы аудандарының бірінде ыстық су болмайды

Алматы аудандарының бірінде ыстық су болмайды

Алматының Наурызбай ауданына қарасты бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар ыстық судан ажыратылады. Бұл туралы «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлім етті.

«12-29 маусым аралығында Наурызбай ауданының аумағында Жуалы – Райымбек - Алтын Орда – Медеубеков көшелерінің бойында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - деп атап өтті «Алматы су» МКК.

Кәсіпорын мәліметінше, уақытша шектеулер «Премьер» қазандығында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде