{metadescription}
Жамбыл облысында жаяу жүргіншіні қағып кеткен полицей тергеліп жатыр

Жамбыл облысында жаяу жүргіншіні қағып кеткен полицей тергеліп жатыр

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының Луговой стансасында полицей қызметтік көлігімен жаяу жүргінші жолағында қыз баланы қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқПарат.

Аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүріп жатыр.

«Жаяу жүргіншінің сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартуына байланысты полиция қызметкеріне қатысты «Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу», яғни, Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 600-бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалды. Аталған бап 10 айлық есептік көрсеткіш немесе 34 500 теңге көлемінде айыппұл салуды көздейді», – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.