{metadescription}
1 шілдеде интернет-сауда саласында жаңа жоба іске қосылады

1 шілдеде интернет-сауда саласында жаңа жоба іске қосылады

Биыл 1 шілдеден бастап интернет-саудамен айналысушылар ерікті түрде Мемлекеттік кірістер комитетіне сатылымдары туралы есеп береді. Аталған жаңашылдық туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл 1 шілдеден бастап интернет-сауда саласында пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Оның аясында интернет-сауда алаңдары сатылымдары туралы деректерді біздің комитетке, ал біз барлық интернет алаңдардан деректерді жинап, оны банктерге жібереміз. Алынған деректер негізінде банктер ай сайынғы салық сомасын есептеп, клиенттерге пуш-хабарлама жібереді», - деді Данияр Жанәлінов ОКҚ-де өткен брифингіде.

Сондай-ақ комитет басшысының мәліметінше, салық кезеңінің қорытындысы бойынша интернет саудамен айналысушылар салық декларациясын толтырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде