Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Маңғыстауда ауыл әкімдігі Каспий теңізі жағалауынан 250 тонна қоқыс жинаған
Маңғыстауда Сайын Шапағатов ауылы әкімдігі екі айдың ішінде жағалаудан 250 тонна қоқыс жинаған. Олар тұрғындардың демалу мәдениетінің аздығынанКаспий теңізінің жағасы қоқыс полигонына айналғанына қынжылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: REUTERS
08:02 01.08.2023
Сайын Шапағатов ауылы әкімдігі Каспий теңізінің елдімекен жағалауынан, 43-шақырымдағы және 68-шақырымдағы «Голубая бухта» жерінен екі айдың ішінде 250 тонна қоқыс жинаған.
«Жағалауды апта сайын тазалауға тура келіп отыр. Өйткені демалушылар қоқыс тастап, қоршаған ортаны бүлдіріп кетеді. Тіпті тұрмыстық қалдықтан аяқ алып жүру мүмкін болмай қалады. Сондықтан әкімнен бастап, кіші қызметкерге дейін 10-15 маман тазалық жұмыстарын жүргізуге мәжбүр», - дейді Сайын Шапағатов ауылы әкімінің орынбасары Ғибрат Мұхамбет. Сайын Шапағатов ауылына жақын орналасқан Ақшұқыр ауылындағы жағалаудан да аптасына 1 тонна қоқыс шығарылады. «Демалушылардан қалған қоқысты коммуналдық қызметтің 80 жұмысшысы күн сайын таңертеңнен кешке дейін тазалайды. Қоқыс жәшіктері күніне екі рет төгіледі», - дейді ол.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram