{metadescription}
Шымкентте жалған аккаунтпен жұртты алдаған қыз 1,5 жылға сотталды

Шымкентте жалған аккаунтпен жұртты алдаған қыз 1,5 жылға сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіден жалған аккаунт ашып, алаяқтықпен айналысқан қыз 1,5 жылға сотталды.

Сотталушы әлеуметтік желі қолданушыларының парақшасын мұқият зерттеп отырған. Содан, жалған аккаунт ашып, көпшіліктен қарызға ақша алып келген. Тіпті, қылмыстық ойын жүзеге асыру үшін, ол басқа адамдардың жеке парақшасынан жүктеп алынған фотосуреттерді пайдаланған.

«Шымкент қаласы тұрғынының жазған арызы негізінде криминалды полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар 22 жастағы Түркістан облысының тұрғынын ұстады. Жас қыз «ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен жасалған алаяқтық» бабы бойынша кінәлі деп танылды. Сотталушыға 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Дереккөз: ҚазАқпарат 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде