Астанада жасөспірімнің денесі табылды
Астанада 14 жастағы жасөспірім 12-қабаттың терезесінен секіріп кетті.
Фото: Zakon.kz
11:52 21.09.2023
Бұл туралы 2023 жылдың 21 қыркүйегінде елорда тұрғыны айтты. Астана тұрғынының айтуынша, қайғылы оқиға "Триумф" тұрғын үй кешенінде болған.
Zakon.kz редакциясы ресми түсініктеме алу үшін Астана полиция департаментіне жүгінді.
"20 қыркүйекте Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан жасөспірімнің мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол үйдің терезесінен құлап кеткен. Бұл факті ҚР ҚК 105-бабының ("Өзін-өзі өлтіруге итермелеу." – ред.) 3-б бойынша тіркелді", - деді Астана ПД баспасөз қызметі.
Ведомствода оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын атап өтті.
"Сізден ресми ақпаратқа сүйенулеріңізді сұраймыз. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының негізінде, тергеу мүддесі үшін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді", - деп қосты елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!