Оңтүстік Кореяда қазақстандық 18-қабаттан құлап кетті
Оңтүстік Кореяда 18-қабаттағы пәтердің төбесін бояғалы жатқан қазақстандық ер адам жерге құлап кетіп көз жұмды, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.
13:37 21.09.2023
«21 қыркүйек күні таңғы сағат 8:25-те Кимхэ қаласындағы Канто-Донгтағы пәтерді бояу жұмыстарына дайындалу үшін қорғаныс жолағын орнатқан Қазақстан азаматы 18-қабаттан жерге құлады. Жазатайым оқиғадан кейін қазақстандық ауруханаға жеткізілді, алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады», - деп хабарлады idomin.com жергілікті полицияға сілтеме жасап.
Ол заңсыз жұмыс істеген болуы мүмкін екені айтылып жатыр, сондықтан жұмыс беруші жазаға тартылмайды.
Еңбек министрлігі еңбек қауіпсіздігінің бұзылған-бұзылмағанын анықтап жатса, полиция жұмыс орнында кісі өлтіру фактісі болған-болмағанын тексеріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!