Астана тұрғындары АҚШ-тан есірткі алып, оны сатпақ болғаны үшін сотталды
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, екі астаналық АҚШ-тан сәлемдеме арқылы алған есірткіні сатпақ болғаны үшін 7 және 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
15:06 21.09.2023
"Елордада "бақыланатын жеткізу" жедел іздестіру іс-шаралары барысында АҚШ-тан хат келіп түскен Астана қаласының тұрғындары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардан аса ірі мөлшердегі "марихуана" есірткі заты табылып, тәркіленді. ", - делінген агенттік хабарламасында.
Сонымен қатар бұл тұлғалар есірткі заттарының жарнамасын орналастырып, оны Telegram арқылы сатуды жоспарлағанын айтты.
"Сот үкімімен екі кінәлі адам 7 жыл 8 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды", - дедіҚР ҚМА баспасөз қызметі.
Тыйым салынған сәлемдеме 2023 жылдың мамырында белгілі болды. Одан кейін олардың АҚШ-тан Алматыға ойыншық қорапқа салып есірткі әкелмек болғаны хабарланды. Сәлемдемені Астана қаласының тұрғыны қабылдап, одан әрі орау үшін басқа азаматқа тапсырған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!