Композитор Арман Қайназаровтың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды
Әнші, композитор Арман Қайназаровтың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды.
Фото: видеодан алынған кадр/YouTube
16:51 21.09.2023
Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерек Алатау аудандық полиция басқармасына тіркеліп, ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
«Аталған қылмысты жасады деген күдікті ізін суытпай ұсталды. Ол қамауға алынды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында композитордың 4 қыркүйекте «Шаңырақ» шағынауданындағы кафе маңында жігіттермен төбелесіп, сол күні жансақтау бөліміне түскені туралы ақпарат тараған болатын.
Кейін оның комаға түсіп, 19 қыркүйекте қайтыс болғаны хабарланды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!