Алматыдан 338 км қашықтықта жер сілкінді
Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі бүгін, 21 қыркүйекте Алматы уақытымен сағат 16:55-те жер сілкінісін тіркеді.
20:03 21.09.2023
«Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 338 км жерде, Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық санаты 10,3. Магнитудасы MPV 4,6. Эпицентр координаттары 40.19° с.е. 77.53° ш.б. Тереңдігі - 20 км. Cезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) түскен жоқ», - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!