{metadescription}
Бірқатар салық пен төлемдерді төлеу мерзімі 25 қыркүйекте аяқталады
Қазақстанда 2023 жылдың тамыз және қыркүйек айлары үшін салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімі 25 қыркүйекте аяқталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фото: pexels
15:04 22.09.2023
"Параграф" АЖ қыркүйек үшін мыналарды төлеу керек екенін еске салады:
Корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша аванс төлемдері;
- сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін алым.
- 2023 жылдың тамызы үшін:
- Төлем көзінен ұсталатын КТС және жеке табыс салығы;
- Шағын кәсіп иелерін қоса Корпоративтік табыс салығы бойынша жеке кәсіпкерлердің кірісінен Жеке табыс салығы;
- әлеуметтік салық;
- бір реттік төлем;
- міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МЗЖ), әлеуметтік аударымдар, МӘМС, МЖЗЖ.
Сонымен қатар мына төлемдер:
- радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем;
- қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сонымен бірге ұялы байланысты көрсеткені үшін алымдар;
- қызметтің жекелеген түрлерімен (ойын бизнесі, алкоголь) айналысуға лицензияны пайдаланғаны үшін төлем.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!