Өскеменде адамдарды құтқару үшін көлікті кесуге тура келген
Өскеменде жол апатынан зардап шеккендерді құтқару үшін көлікті "кесуге" тура келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
15:41 22.09.2023
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Өскемендегі жол апатынан зардап шеккендерді құтқару сәті түсірілген видеоны таратты.
"22 қыркүйекте құтқарушыларға Бажова көшесінде жол-көлік оқиғасы болғанын, оның салдарынан көлікте қалып қойған зардап шеккендер бар екені туралы қоңырау келіп түсті. Оқиға орнына жеткен жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жолаушыны қираған көліктен шығаруға кірісті. Ер адамның аяғы қысылып қалған", - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!