Тоқаев пен Шольц 28 қыркүйекте Берлинде келіссөз жүргізеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 28-29 қыркүйек күндері Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен барады.
Фото: senate.parlam.kz
16:28 22.09.2023
Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Берлинде Федералдық канцлер Олаф Шольцпен және Федералдық президент Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөз жүргізеді.
"Сонымен қатар Президент Орталық Азия және Германия мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысады деп жоспарланып отыр", – делінген ресми хабарламада.
Бұдан бөлек, сапар аясында Мемлекет басшысы халықаралық Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйлейді және Германияның іскерлік қоғамдастығы өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!