Ақтөбе колледжінде болған өрттен екі адам зардап шекті
Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 22 қыркүйек күні сағат 18:28-де Есет батыр көшесіндегі гуманитарлық колледжде өрт шыққан, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.
15:06 23.09.2023
Жертөледе кеңсе жабдықтары жанып жатқан. Оқиға орнында 52 өрт сөндіруші, 12 техника мен жедел жәрдем жұмыс істеді. Зардап шеккен білім мекемесінің екі қызметкері ауруханаға жеткізілді. Өрт сағат 18:40-та сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров зардап шеккендердің екеуі де жедел жәрдем ауруханасының травматология бөлімінде жатқанын айтты.
«Бір жұмысшының беті, мойны, екі қолы, екі тізе буыны термиялық жалынмен күйіп қалған, екіншісінің беті, екі аяқ-қолы, басы мен арқасы термиялық жалынмен күйіп, емделіп жатыр», - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!