Қарағанды облысында жоғалып кеткен зейнеткер әйел өлі күйінде табылды
Қарқаралыда саңырауқұлақ теру үшін орманға кетіп, сол күйі жоғалып кеткен зейнеткер әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фото: freepik
12:31 24.09.2023
Әйелдің жансыз денесі Берлога демалыс үйінен оңтүстікке қарай 8 шақырым жерден табылды, деп жазады "Вечерняя Караганда".
Айта кетсек, егде жастағы әйел 20 қыркүйекте саңырауқұлақ теру үшін орманға кеткен. Төрт күн бойы 72 жастағы зейнеткерді құтқарушылар, полицейлер, орманшылар және оның туыстары іздеумен болды.
"2023 жылдың 24 қыркүйегінде іздеу тобы Берлога демалыс үйінен оңтүстікке қарай 8 шақырым жерде жоғалған адамды өлі күйінде тапты", - дейді Қарағанды облысы ТЖД.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!