{metadescription}
Ақтау әуежайында барлық күндізгі рейстердің уақыты ауыстырылды

Ақтау әуежайында барлық күндізгі рейстердің уақыты ауыстырылды

Ақтау халықаралық әуежайында ұшып-қону жолағына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Соған байланысты 23 қыркүйек – 23 қазан аралығында барлық күндізгі рейстер кешкі және таңғы уақытқа ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жөндеу жұмыстарын 23 қыркүйектен 23 қазанға дейін күн сайын жергілікті уақытпен сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін жүргізу жоспарланған.

«Ағымдағы жөндеу әуе кемелерінің және жолаушылардың ұшу кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты ұйымдастырылып отыр. Жөндеу жұмыстары кезеңінде рейстер таңертеңгі және кешкі уақытқа ауыстырылады. Авиакомпаниялар өкілдерінен ақпаратты нақтылау ұсынылады", – делінген Ақтау халықаралық әуежайы таратқан мәліметте.

Мекеме басшылығы жолаушылардың жағдайға түсіністікпен қарауын сұрайды. Жөндеу уақыты кезеңіндегі рейстердің кестесін мына жерденкөруге болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде