{metadescription}
Алдағы үш күнде Қазақстанда тұрақсыз ауа райы болады

Алдағы үш күнде Қазақстанда тұрақсыз ауа райы болады

Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 26-28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, таяу күндері республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында солтүстік циклонның екпінімен тұрақсыз ауа райы сақталады. Синоптиктердің болжауынша, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады.

Болжам бойынша, тек Қазақстанның батысында солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

"Түнде және таңертең республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда тұман күтіледі”, - дейді "Қазгидромет" РМК.

Синоптиктердің хабарлауынша, еліміздің шығысында түнде 1-3 градусқа дейін аяз сақталады. Температура жағдайында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде