{metadescription}
Павлодар облысында ЖКО салдарынан үш адам зардап шекті

Павлодар облысында ЖКО салдарынан үш адам зардап шекті

23 қыркүйек сағат 21:15-те Черноярка ауылының маңындағы Омбы – Майқапшағай автожолында МТЗ-80 трактордың 44 жастағы жүргізушісі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, солға бұрылу кезінде Volkswagen Passat автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Volkswagen жолаушысы жарақат алып ауруханаға жатқызылды. 

Сол күні сағат 22:10-да Павлодар – Қызылорда автожолының 1239-шақырымында, Шідерті кентінің маңында, BMW-520 автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, Toyota Camry автокөлігінің артқы жағына соғылған. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

"Автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды. Әрбір оқиға бойынша тексерулер жүргізіледі. Осы жылы облыс аумағында барлығы 289 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан 55 адам қаза тапты, 367 ЖКО қатысушысы жарақат алды", – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде